Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Ауызша аударма

Қарағанды қаласындағы ауызша аударма қаладағы белгілі қызмет түрлерінің бірі болып табылады. Қарағандыдағы аударма агенттігі шетелдік серіктестермен келіссөздер мен конференциялар өткізу барысында, елімізде шетелдіктерге арналған экскурсия өткізу барысында үнемі көмек көрсетуге дайын. Ауызша аударма бағасы сағатпен немесе күнмен (сегіз жұмыс сағаты) есептеледі. Минималды тапсырыс көлемі 1 сағат ауызша аударманы құрайды.

Біздің штатымызда өз ісінің озық мамандары болып табылатын ауызша аудармашылар жұмыс жасайды. Біздің компания және аудармашылар келіссөздің нәтижесі аудармашының дұрыс сөйлеу мәнеріне, аударма барысында қателіктердің болмауына байланысты болады. Біз ешбір үстеме ақы алмастан дәл осы күні аударма жасауды қажет ететін ауызша аудармаға жедел тапсырыстар қабылдау туралы келісе аламыз.

Қажет болған жағдайда алдын ала аудармашының түйіндемесін ұсынып, аудармашының тілді меңгеру дәрежесін тексеру үшін пікірлесу ұйымдастыра аламыз. Тапсырысты қабылдау барысында біздің менеджерлер тұтынушылардан ауызша аударма тақырыптарын нақтылайды. Ол ауызша аудармаға қатысатын аудармашы алдын ала таңдалған тақырып бойынша материалмен дайындалуы үшін қажет. Жоғары деңгейде және тиісті сапада өткен келіссөздер шетелдік ұйымдармен жемісті серіктестіктің кепілдігі болып табылады. Бұл жағдайда аудармашыға толық жауапкершілік жүктеледі.

Сонымен қатар, біздің компанияда бейнеконференциялар, жиналыстарды ауызша аудару қызметі қарастырылған, бұл аса қолайлы болып табылады, себебі шетелдік серіктестерге Қазақстанға келудің қажеті болмайды.

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP