Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Қытай

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі орыс тілінен қытай тіліне және де қытай тілінен орыс тіліне аудару бойынша қызметтерді жүзеге асырады.

Соңғы кездері Қытай мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық қатынастар серпінді қарқынмен дамып келеді, қытай инвестициясы мен капиталының қатысуымен тіркелген кәсіпорындар саны күн санап артып келеді, ал нәтижесінде қытай тілінен аудару тапсырыстары да көбейе түсуде.

Қытай тілі күрделі тілдердің бірі болып саналады, себебі оның құрамына бір-бірінен өзгешеленетін жеті диалектикалық топ кіреді. Бір диалектикалық топ өкілдері екінші топ өкілдерін түсінбейді. Қытай тілінің өзгешелігі көп мөлшердегі иероглифте болып табылады. Осылар аударма кезінде бірқатар қиындықтар тудырады.

Қарағандыдағы қытай тілінен және қытай тіліне аударатын аудармашылар жұмыс жасаған жылдардың ішінде аталған тілді барлық қыр-сыры мен ерекшеліктерін біліп алды, сондықтан да жеткілікті кәсіби және жоғары деңгейде аударманың бұл бағытына маманданған.

Біз қытай тілінен орыс тіліне және орыс тілінен қытай тіліне тиімді шарттарда келесі құжаттарды аударуды ұсынамыз:

- жеке құжаттарды аудару (төлқұжат, туу туралы куәліу, тегін ауыстыру туралы куәлік, некені қию/бұзу туралы куәлік, жалпы орта білім туралы куәлік, кәсіби колледждер мен жоғары оқу орындарының дипломдары және т.б.)

- қаржылық және экономикалық құжаттарды аудару (чектер, счет-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, бухгалтерлік баланстар, қаржылық есептер және т.б.)

- медициналық құжаттар аудармасы (анықтама, медициналық қорытынды, медициналық үзінділер және т.б.)

- заң аудармалары (жарғылар, сот шешімдері, қаулылар, бұйрықтар, заңдар және т.б.)

- техникалық құжаттар аудармасы (пайдалану жөніндегі нұсқаулық, техникалық-экономикалық негіздеме және т.б.)

- веб-сайттар аудармасы

- құжаттың нотариалдық қ аудармасы

"Галилео" аударма агенттігіне хабарласыңыз, біз Сізге қуана көмектесеміз! 

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP