Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Неміс тілі

Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігі әр түрлі тақырыптағы мәтіндер мен құжаттаманы неміс тілінен орыс тіліне және орыс тілінен неміс тіліне аудару бойынша қызмет көрсетеді.

Неміс тілі ағылшын тілінен кейінгі орында тұрған халықаралық серіктестік және іскерлік қатынастарды кеңейту тілі болып қалып отыр. Отандық компаниялар мен ұйымдар, шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері көптеген неміс компанияларымен, әр түрлі тауарлар мен құрылғылар өндірушілермен іскерлік және ынтымақтастық қатынастарды жолға қойған, осының салдары ретінде әр алуан құжаттаманы неміс тілінен орыс тіліне және орыс тілінен неміс тіліне аудару қажеттілігі артып отыр.

Біздің аудармашылар тобы көп жылдық тәжірибесі мен біліктілігін тұрақты арттыру нәтижесінде неміс тілінің қыр-сырын меңгерген, артикльдердің, неміс тіліндегі етістіктердің қолданылуы ерекшеліктерін ұғынған және сол себепті аударма барысында ешбір қиыншылықтар туындамайды.  Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігінің аудармашылары неміс тіліндегі аудармаларды жасау барысында аударма тақырыбын, контекстін, терминологиясын мұқият қарап, меңгереді және одан кейін ғана аудармаға кіріседі.

Техникалық, қаржылық, медициналық және т.б. құжаттаманы аудару арнайы мәтіндер аудармасына жататындықтан, оларды тек осы саладағы аудармаға маманданған білікті аудармашылар аударады.

Біздің агенттіктің неміс тілінен орыс тіліне және орыс тілінен неміс тіліне жасайтын аудармаларының бағасы Қарағанды аударма нарығындағы тиімді және қолайлы баға болып табылады. Құжатты аудару құнын білу үшін Сіз дәл қазір сұраныс беріп, сайттағы өтінішті толтыра аласыз немесе біздің менеджерге хабарласуыңызға болады. «Галилео» аударма агенттігі сізге көмек көрсетуге әрдайым дайын!

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP