Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Француз тілі

Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігінің орыс тілінен француз тіліне және француз тілінен орыс тіліне ауызша және жазбаша аударма қызметтері бойынша он жылдан астам тәжірибесі бар, бұл аталған тілдің Қазақстанда біршама сұранысқа ие екенін көрсетеді. Француз тіліне аударма қызметтеріне сұраныстың артуы қазақстандық компаниялар мен еуропалық серіктестер арасындағы тығыз іскерлік ынтымақтастықпен түсіндіріледі.

Француз тілігің бірқатар ерекшеліктері бар – ол көптеген халық диалектілері бар. Аталған ерекшеліктер аударма барысында біршама қиыншылықтар тудырады. Сонымен қатар, француз тілі бай және айшықты тіл болып табылады, мұнда көптеген сипаттау сөздері мен тіркестері мол, олардың орыс тіліндегі аудармасын табу көп жағдайда қиынға соғып жатады.

Қарағанды қаласындағы кәсіби аудармашылардан құралған француз тілінің аудармашылары тобы үшін әр түрлі тақырыптағы мәтіндер мен құжаттаманы аудару қиыншылық тудырмайды, себебі көп жылдық жұмыс тәжірибесі, француз тілін мінсіз білу, арнайы аудармашылық білімінің болуы жоғары деңгейдегі аударма сапасына кепілдік болады.

Жоғары білімді аудармашылар штаты орыс тілінен француз тіліне және француз тілінен орыс тіліне құжаттамаларды, техникалық, ғылыми, құқықтық, медициналық, қаржылық, мұнай-газ және жарнама тақырыбындағы аударма қызметтерін ұсынады.

Біз француз тіліне аударма қызметтерін тиімді бағамен ұсынамыз. Бізге жүгінген жағдайда Сіздер аударманың жоғары сапасы мен біздің кәсібилігімізге көз жеткізесіз!

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP