Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Голланд

Нидерланд (сондай-ақ, голланд немесе фламанд) тілі – Нидерландтардың ресми тілі болып табылады, үнді-европалық тілдер тобының германдық тілдер тобына (батыс герман тілдер тобы) жатады. Осы тілде әлемнің үш елінде 22 млн. адам сөйлейді. Сізге қандай да бір құжаттардың голланд тіліндегі аудармасы қажет болуы әбден мүмкін, ал біздің Қарағандыдағы аударма бюросы голланд тіліндегі нотариалдық қ расталған аударманы ұсынуға дайын. Біз сапалы аударма ұсынамыз, себебі бізде аударатын тілді еркін меңгерген кәсіби және өз ісінің мамандары жұмыс жасайды.

Неке туралы куәлік, туу туралы куәлік, жүргізуші куәлігі, төлқұжат сияқты құжаттардың және басқа да жеке құжаттардың нотариалдық қ расталған аудармасы өте жиі қажет болады. Жеке құжаттарды аударумен қатар біз техникалық, экономикалық, заң мен медициналық құжаттарды аударамыз және растаймыз.

Қарағандыда орыс тілінен голланд тіліне аударманы жасау үшін біздің мамандар голланд тіліндегі мәтіндермен жұмыс жасау кезінде мұқияттылық пен ілтипаттылықты көрсетеді, себебі аталған тілдің өзіне тән ерекшеліктері бар. Кез келген қате аударманың мағынасының бұрмалануына алып келуі мүмкін, сондықтан да голланд тілінің аудармашысының біліктілігінің зор мағынасы бар. Егер сізге голланд тілінен немесе керісінше аударма қажет болса, біздің «Галилео» аударма агенттігіне хабарласыңыз, біздің менеджерлер сіздің құжаттарыңызды есептейді және де сізге бағасы мен максималды қысқа уақытта аударма мерзімін айтады.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP