Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Серб тілі

Серб тілі –болгар, словения, македон, босния, черногор және хорват тілдерімен қатар оңтүстік славян топшасына жатқызылады. Соңғы үш тілді көп жағдайда серб тілімен бір тілге (серб-хорват) тіліне біріктіреді; бұл жағдайда жеке серб, хорват, босния және черногор тілдерін тіл мамандары серб-хорват тілінің өңірлік салалары деп есептейді. Серб жазба тілінің ерекшелігі ол бірден екі әліппеге: латын әліппесіне және кириллицаға негізделген. Серб тілі Сербия Республикасы, Черногория, Босния және Герцогвина, Хорватия мемлекеттерінде және Косова елінде (жартылай танылған мемлекет) ресми тіл болып есептеледі. Бұл тілде 12 млн адам сөйлейді.

Біздің елімізде аталған тілге аударма сирек кездеседі, дегенмен де Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі сіздерге орыс тілінен серб тіліне немесе серб тілінен орыс тіліне сапалы аударма қызметтерін ұсынуға дайын. Біздің аударма агенттігінде жоғары білімді, білікті аудармашы мамандар жұмыс жасайды және сіздерге аударма қызметтерінің кең спектрін ұсынады. Серб тіліне немесе серб тілінен аударма қажет болған жағдайда Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма бюросына тапсырыс берсеңіз біздің менеджерлер аударма құны мен аудару уақытын ең қысқа уақыт ішінде хабарлайды. Аударма бағасы мен мерзімі келісілгеннен кейін тапсырыс кәсіби аудармашыға жіберіледі, аударма дайын болғаннан кейін оны редактор тексеріп, толық дайын аударма тұтынушыға берілетін болады.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP