Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Словак

Словак тілі – Словакия Республикасы ресми тілі. Словакия аумағында кеңінен таралған және аталған тілді тасымалдаушылар Венгрия, Чехия, Румыния, Сербия, Хорватия, Австрия, АҚШ, Канада, Автралия, Украина және басқа да мемлекеттерде өмір сүреді.

Аталған тілде шамамен 5,2 млн адам сөйлейді. Тіл үнді-еуропа тіл тобының чех-словак тобына жатқызылады, 18 ғасырға дейін словактардың әдеби тілі болған чех тіліне өте жақын. Словак тілінің сөздік қорының негізін праславяндық лексикалық қор құрайды. Словак тілінің дамуының әр түрлі кезеңдерінде оның лексикасы 30 астам тілден енген сөздермен молайды. Ең көне басқа тілден енген сөздерге латын, неміс және венгер тілінен енген сөздер жатады.

Сондықтан да егер сізге Қарағандыда словак тілінен және керісінше аудару қажет болса, біздің «Галилео» аударма агенттігіне сенімді түрде хабарласыңыз. Біздің менеджерлер аса байыптылықпен және жауапкершілікпен сіздің тапсырысыңызды қабылдайды. Бағасы мен аударма мерзімін есептеген соң сіздің тапсырысыңыз кәсіби аудармашыға беріледі, содан соң редактордың тексеру  сатысы және тек осыдан кейін сіз аударманың соңғы нұсқасын аласыз. Аударма барысында мәтіндердің стилі мен безендірілуінің сақталуына да баса назар аударылады, бұл аударманы түпнұсқаға максималды ұқсату мақсатында жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, сіздердің талаптарыңызға сәйкес аударма құжаттарын аударма агенттігінің мөрімен бекіте аламыз. Аударма барысында ресімделуі түпнұсқаға сәйкес болады.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP