Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Тәжік тілі

Тәжік тілі – Тәжікстанның мемлекеттік тілі. Тіл үнді-еуропа тілдер тобының үнді-иран тармағына жатқызылады. Көптеген тіл мамандары тәжік тілін парсы тілінің түршесі немесе этнолекті ретінде таниды. Ауғанстан тәжіктері арасында ресми түрде дари тілі деп атайды (іс жүзінде тәжік тілімен бірдей). Тәжік тілін парсы тілінің солтүстік шығыс диалекті ретінде қарастыруға болады. Әдеби тәжік тілі күнделікті қолданылатын ауызекі тілден өзгеше болады. Тәжіктер жазғандарымен бірдей сөйлемейді және ауызша тілде әдеби тілді қолданбайды. Сол себептің бұл тілден аударманы тек ұқсас тілдер арасындағы айырмашылықты және басқа да ерекшеліктерін жетік білетін мамандарға – тіл тасымалдаушыларға тапсыру керек.

Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігінде осы мақсатта аталған салада көп жылдан бері жұмыс жасайтын мамандар қабылданған. Біз барлық тапсырыстарға жауапкершілікпен және кәсіби тұрғыда қараймыз. Біз жеке құжаттарын аударту мақсатында жүгінген жеке тұлғалармен де, әр түрлі келісім-шарттар, жарғылар, құрылтайшылық және тендер құжаттамаларын аудартатын заңды тұлғалармен де жұмыс жасаймыз. Тапсырыс барысында біздің менеджерлер аударма құны мен аудару уақытын ең қысқа уақыт ішінде хабарлайды. Аударма бағасы мен мерзімі келісілгеннен кейін тапсырыс кәсіби аудармашыға жіберіледі, аударма дайын болғаннан кейін оны редактор тексеріп, толық дайын аударма тұтынушыға берілетін болады.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP