Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Түрік тілі

Қарағандыдағы «Галилео» сапалы аударма қызметтері агенттігі орыс тілінен түрік тіліне және түрік тілінен орыс тіліне құжаттаманы кәсіби аудару қызметтерін ұсынады. Бүгінгі таңда Қазақстанда түрік тілінің қолданыс шеңбері кеңейіп келеді, ол көптеген отандық компаниялар мен ұйымдардың, шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарының түрік компаниялармен іскерлік қатынастарының артуымен түсіндіріледі. Осындай өзара әрекеттестік жағдайында сәйкес құжаттамамен алмасу орын алады және бұл аудармаға сұраныс тудырады.

Қарағанды қаласындағы біздің аударма агенттігінде жұмыс жасайтын түрік тілінің аудармашылары  кез келген қиындықтағы құжаттама мен мәтіндерді жоғары кәсіби деңгейде аударады.

Біз кез келген көлемдегі заң, қаржы-экономика, ғылым-техника саласындағы және басқа да құжаттамаларды нотариалдық  растау немесе аударма агенттігінің мөрімен бекіту арқылы аудару қызметтерін ұсынамыз.

Түрік тілінің кең таралуына қарамастан қазіргі кезде өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын және тілді терең меңгерген аудармашыларды табу, әсіресе салалық мәтіндерді аудару қажет жағдайда қиын болады. Сол себепті біздің аударма агенттігінде аудармашыларды жұмысқа қабылдау барысында түрік тілін меңгеру деңгейін арнайы сынақтар өткізіп және жұмыс тәжірибесін ескере отырып қабылдаған.

Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігі түрік тілінен және түрік тіліне сапалы аударма қызметтерін қолайлы бағамен ұсынады. Сізге жедел және сапалы аударма қажет болған жағдайда біздің аударма агенттігіне хабарласып, жоғары қызмет көрсету деңгейіне, икемді баға саясатына көз жеткізе аласыз. 

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP