Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Нотариалдық расталған аударма

Қазіргі сәтте нотариалдық расталған аударма аударма саласындағы ең қажетті қызметтердің бірі болып табылады. Аударманы нотариустың растауы бірінші кезекте аударылған құжаттың заңды күші бар екенін және оның түпнұсқа екенін растау үшін қажет. Көп жағдайда неке қию туралы куәлік, төлқұжат, сотталмағандығы туралы анықтама, мекенжай анықтамасы және т.б. секілді жеке құжаттарды аудару қажет болады. Мұның барлығы құжаттарды оқу орнына, азаматтығын ауыстыру үшін, басқа мемлекетте некені тіркеу үшін, тұру рұқсатын алу, еңбек шартын жасасу және басқа да жағдайларда қажет.

Аталған құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, іске жауапкершілікті және кәсіби тұрғыда қарап, аударманың қайтып келіп, уақыт жоғалтуға жол бермеу керек. Сонымен қатар, жеке құжаттар мен басқа да құжаттарды аудару барысында аталған құжаттардың стилін анықтап, құжатта берілген ақпаратты толық көрсету, мөрлерін аудару керек. Аударма жасау барысында жалқы есімдерді төлқұжат деректерімен салыстыру керек. Сол себепті жауапкершілік артады және аударманы осы саладағы білікті мамандарға сеніп тапсыру қажеттігі артады.

Біздің Қарағанды қаласындағы аударма бюросында білікті және жауапкершілігі жоғары қызметкерлер жұмыс жасайды, олардың аударма саласындағы жұмыс тәжірибелері 7 жылдан асады. Біз қысқа уақыт ішінде тиімді шарттармен сапалы және дұрыс аударма ұсынамыз.

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP