Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Қарағанды қаласындағы жазбаша аударма

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі негізінен кәсіби жазбаша аудармаға маманданған, оның ішінде техникалық, ғылыми, қаржылық-экономикалық, заңдық құжаттамаларды мемлекеттік – қазақ тіліне, негізгі еуропалық (ағылшын, француз, неміс, итальян, чех, поляк және т.б.) және шығыстық (қытай, жапон, араб, түрік, кәріс және т.б.) тілдерге аударады.

Жазбаша аударма – қағаз жүзіндегі немесе электронды нұсқадағы мәтінді толық және дәл аудару. Айта кету керек, мұндай аударманы жазбаша да, ауызша да көздерден жасауға болады.

Жазбаша аударма үш кезеңде жасалады:

  • аударма мәтінімен оқып танысу
  • аударма мәтінін салмақтау
  • аударма мағынасын мақсатты тілде толық және дәл жеткізу

Осындай жұмыс қағидаты дәл аудармаға кепілдік береді.

Біз әлемнің 50-ден астам тілдерімен жұмыс істейміз және мынадай бағыттарда кәсіби аудармалар жасаймыз:

  • жеке бас құжаттарының аудармасы (төлқұжат, туу туралы куәлік, тегін ауыстыру туралы куәлік, некеге тұру/бұзу туралы куәлік, орта жалпы білім туралы куәлік, кәсіби колледждер мен жоғары оқу орындарының дипломдары және т.б.)
  • қаржылық және экономикалық құжаттамалардың аудармасы (чектер, шот-фактуралар, атқарылған жұмыстар актісі, бухгалтерлік теңгерім, қаржы есеп-қисабы және т.б.)
  • медициналық құжаттардың аудармасы (анықтамалар, медициналық қорытындылар, медициналық үзінді көшірмелер және т.б.)
  • заңдық аударма (жарғылар, сот шешімдері, қаулылар, бұйрықтар, заңдар және т.б.)
  • техникалық құжаттамалардың аудармасы (пайдалану бойынша нұсқаулық, техникалық-экономикалық негіз және т.б.)
  • веб-сайттарды аудару
  • құжаттарды нотариалдық қ аудару

Қарағандыдағы «Галилео» компаниясының кәсіби аудармашылар командасы Сізге кез келген күрделіліктегі құжаттамалар мен мәтіндердің жазбаша аудармасын жасап береді. 

Бізде аударма бағасын есептеудің айқын жүйесі қарастырылған, сондықтан бізге сенулеріңізге болады. Сайтта тапсырыс бергеннен кейін біздің менеджер  сізге аударма бағасы мен мерзімі туралы толық ақпарат береді. Әр тапсырыс жеке қаралады және біз әрдайым Сіздің талаптарыңыз бен шарттарыңыз бойынша жұмыс істеуге дайынбыз!

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP