Переводческое агентство в Караганде

ХХ ғасырдағы аударма тарихы

Бүгінгі таңда біздің ұғымымыздағы аударма дәл мазмұны стилистикалық сауаттылығы мен көркемдік айқындылығымен салыстырғанда артық бағалайтыны түсінеміз. Ол барлық белгілі зияткерлер аударма тарихы мен табиғатына зер сала бастаған ХХ-ғасырдан бастап түбегейлі зерттеледі бастады.

Осы тұрғыда Қарағанды қаласындағы аударма бюросы кең таралып отырған жаһандану мен индустрияландыру, алғашқы дүние жүзілік соғыстар тарихындағы халықаралық альянстарды айтпағанда мәдениет аралық коммуникацияның маңыздылығын арттырғанының дәлелі болатын төмендегі деректерді назарларыңызға ұсынады.

1950-1960 жылдары университеттерде жүйелі түрде аударма теориясы оқытыла бастады, бұл ғалымдардың тілді игеру үдерісіне қызығушылығының және осы мәселенің психологиялық және антропологиялық тұрғысын қарастыру мүмкіндігінің артуына алып келді. Ғаламтордың пайда болуы салдарынан ғаламатқа айналған ХХ ғасырдың соңында коммуникация дамуының күрт жоғарылауы орыл алған, ал аударма өз алдында ауқымды салаға айналған. Технологиялық жетістіктер аудармашыларға компьютер тінтуірін бір-ақ рет басу арқылы орасан зор ресурстарға, оның ішінде, сөздіктер, мақалалар мен энциклопедиялардың тұтас томдарына қол жетімділік берді. Ал автоматтандырылған аударма жүйесі қазіргі кезде құжаттарды жылдам және дәл аударуға мүмкіндік береді.

Болашаққа келер болсақ, көпшілігі кез келген аударманы машиналар жасайтын болады деген болжам бар, бұл болжамды негізсіз деуге болмайды, себебі ғылыми ой-қиял, ғылыми фактіге айналады. Бірақ егер сіз барлық мәтіндер бірегей біртума болады деп  үміттенсеңіз сіз босқа күткен боласыз, себебі, қаншалықты тамаша жетістіктерге жеткенімен де компьютерлер адам сөзінің барлық сұлулығы мен айшықтылығын қайталай алмайды және келешекте де солай бола қояр ма екен!?

Аударма  шытырманына саяхат бізге нені үйрете алады? Бастапқыда аудармаға  қажеттілік адамдарға барынша маңызды болып көрінген салаларда туындады: әдебиет, ғылым мен техника, сауда, қаржы қызметі, идеология, дін салаларында дәлме-дәл және өзекті аударма қажет болды. Бүгінгі таңда да осы салаларда аударма көбірек талап етіледі, сонымен қатар, 4 000 жыл ішінде адамдар арасындағы қатынаста мүлде көп нәрсе өзгермеген деп айтуға болады. Екіншіден, сөзбе-сөз аударма көркемдік еркіндікті толықтай ашып көрсете алмайды. Әрине, бұл жөнінде даулар әлі де жалғасатын болады. Аударма қазіргі таңда әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамудың және өзгерістерді осы салаларға кіріктірудің негізгі тиімді құралы болып отыр. Аударма арқылы әр алуан халықтар арасында -  екі мәдениет арасында идеялар алмасады  болашаққа бағытталған көзқарастары мен инновациялар қалыптасады. Жазбаша және ауызша аударма әлемдегі 7 000 жуық тілдерді бір ғана жалпы дүние жүзілік адамзат отбасына біріктіруге, жер жүзіндегі бейбітшілікті нығайтуға жағдай жасайды.

         Қарағанды қаласындағы аударма бюросы дүние жүзіндегі кең таралған 50 астам тілге жазбаша және ауызша аударма қызметтерін ұсынатынын және біздің аударма агенттігінде білікті мамандар жұмыс жасайтынын естеріңізге саламыз.

← Дальше
Позвонить Вам Узнать цену
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP