Переводческое агентство в Караганде

Қайта бекітілген термин сөздер аудармалары

Қазіргі таңда елімізде шағын және орта бизнесті дамытуға баса мән беріліп, аталған бизнес түрлерін қолдаудың сан алуан тәсілдері пайдаланылып отыр. Осы орайда, Қарағанды аударма агенттігінде жұмыс жасайтын біліктілігі жоғары мамандардың пікірінше, кәсіпті тиімді жүргізудің басты талаптарының бірі сауатты жарнама деп айтуға болады. Дегенмен де, көп жағдайда жарнама мәтіндері орыс тілінен аударылатын болғандықтан, олардың сапасы сын көтермейді. Жол бойы сапасыз аударылған жарнама мәтіндерінен көз сүрінеді.

Өнімді тұтынудың алғышарттарының бірі жарнама болғандықтан жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тілге сауатты аударылуы өнімді немесе тауарды өткізудің негізгі шарты ғана емес, мемлекеттік тілге деген құрмет болып табылады.

Жарнама мамандары мемлекеттік тілді жетік меңгермеген, бұл салада жұмыс жасайтын кәсіби мамандар өз аз. Осының салдарынан көше бойы сауатсыз билбордтарға толы болып отыр. Қазақ тілінде ауызекі сөйлеу мен аударма жасау қабілетін шатастыруға болмайды. Аудармадан ақша үнемдеуді мақсат тұтқандар қазақ тілінің күрделі стилистикасын, құрылымын және өзіне тән ерекшеліктерін ескерместен электронды аудармашыны пайдаланып немесе қазақ тілін білетін кез келген адамға аудартады.

Мысал, келтіретін болсақ, Алтел ұялы байланыс операторының жарнамасында «Бағалар бір қалыпты!» - «Цены заморожены» - бұл жерде аударманың грамматикалық қателігін айтпағанда (бірқалыпты – сөзі қосылып жазылады) аударманың мағынасының өзі орыс тіліндегі тіркестің мәнін ашып тұрған жоқ. Дұрыс аудармасы ретінде «Бағалар тұрақты» баламасын ұсынуға болады.

Осы тұрғыда мәселенің шешімін табудың бірден бір жолы жарнама мәтіндерін басқа тілден аудармай, жарнама мәтіндерін өз тілімізде құрастыру болып табылады. Аталған мақсатта Қарағандыдағы аударма агенттігі тұтынушыларға өз қызметін ұсынуға дайын.

← Дальше
Позвонить Вам Узнать цену
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP