Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Компания туралы

Қарағанды қаласындағы  «Галилео» аударма агенттігі еліміздің орталығы Қарағанды қаласында 2011 жылы құрылған. Алғаш құрылған сәтінен бастап Қарағанды қаласындағы аударма бюросы аударма қызметі нарығындағы көшбасшылар қатарына қосылған және осы орында қалуға тырысады.

Галилео қызметінің негізгі бағыты отандық және шетелдік тұтынушыларға кәсіби және сапалы аударма қызметтерін көрсету болып табылады. Біздің тұрақты тапсырыс берушілеріміздің қатарында жеке тұлғалар да, орта және ірі өнеркәсіптік, қаржылық және инвестициялық компаниялар да, сонымен қатар, инженерлік ізденістер, техникалық сынақтар және талдау секілді салаларда қызмет ететін әр алуан кәсіпорындар мен ұйымдар бар.

Біздің аударма агенттігі негізгі елуге жуық еуропалық және шығыс тілдеріне ауызша және жазбаша аударма қызметтерін көрсетеді. Біз келесі бағыттарда жұмыс жасаймыз:

  • жеке құжаттарды аудару (төлқұжат, туу туралы куәлік, тегін ауыстыру жөніндегі куәлік, неке қию туралы/бұзу туралы куәлік, жалпы орта білім туралы куәлік, кәсіптік колледждер мен жоғары оқу орындарының дипломдары және т.б.)
  • қаржылық және экономикалық құжаттама аудармасы (чектер, шот-фактуралар, орындалған жұмыстар актілері, бухгалтерлік баланстар, қаржылық есептер және т.б.)
  • медициналық құжаттарды аудару (анықтамалар, медициналық қорытындылар, медициналық үзінді-көшірмелер және т.б.)
  • заң саласындағы аударма (жарғылар, сот шешімдері, қаулыларбұйрықтар, заңдар және т.б.)
  • техникалық құжаттама аудармасы (пайдалану жөніндегі нұсқаулық, техникалық-экономикалық негіздеме және т.б.)
  • веб-сайттарды аудару
  • құжаттардың нотариус растаған аудармасы.

Біздің аударма бюросының штаты жоғары білімі туралы дипломы бар, біліктілігі жоғары және көп жылдық жұмыс тәжірибесі бар кәсіби аудармашылардан құралады, олардың әр қайсысы – техникалық, экономикалық немесе медициналық аударма секілді белгілі салаға маманданады.

Галилео аударма бюросының басты артықшылықтары:

  • Жоғары сапа. 1 парақтан бастап 100 беттен асатын құжаттарға дейін аудару барысында өз ісін жетік меңгерген тәжірибелі аудармашылар қатыстырылады.
  • Аударманы қабылдау және құнын есептеуді онлайн режимде іске асыру мүмкіндігі. Бұл үшін Сізге біздің сайтқа кіріп, өтініш ресімдеу жеткілікті, 5-10 минут уақыттан кейін біздің менеджер Сізге хабарласады және тапсырысқа қатысты толық ақпарат береді.
  • Жеделдік. Біз уақытты бағалай білеміз және сол себепті тапсырыс берушінің белгілеген уақытына орай немесе біздің аударма агенттігі келіскен уақытты бұлжытпай сақтай отырып жұмыс жасаймыз.
  • Икемді баға саясаты. Біз бағаны ұсынылатын аударма қызметтерінің сапасына сәйкес белгілейміз. Ұзақ мерзімді негізде жұмыс жасайтын тұрақты тұтынушыларға дербес жеңілдік қарастырылады. 100 парақтан астам көлемдегі аудармаға тапсырыс берген жағдайда аударма бағасы агенттік жеңілдігін ескере отырып келісіледі.

Қарағанды қаласындағы аударма агенттігінің қызметінің келесі ұстанымдарға негізделген:

  • Аударманың бағасын жедел және тегін есептеу
  • Тапсырыс беруші маңызды құжатты аударуды өз ісінің мамандарына сеніп тапсыра алуы үшін сынама аударма ұсыну (бір парақтан артық емес)
  • Тапсырыс беруші тарапынан туындаған ескертулер негізінде тегін түзету, дегенмен, бұл құбылыс біздің аударма агенттігінде аса сирек орын алады
  • Қарағанды қаласындағы ұсынылатын аударма қызметтерінің сапасы мен деңгейін тұрақты түрде жетілдіру.

Бізге алғаш рет хабарласқаннан кейін Сіздің бізбен тұрақты жұмыс жасауға ниетіңіз туындап, аударма жұмыстарын тек бізге сеніп тапсыратын боласыз! Бізге аударма қызметтеріне тапсырыс беру арқылы жоғары деңгейдегі қызмет пен жұмысқа куә боласыз!

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP