Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Португал

Португал тілі – үнді-еуропа туысының роман тобына, ибер-роман топшасына жатқызылады. Аталған тіл 9 мемлекеттің ресми тілі болып табылады: Португалия, Бразилия, Ангола, Мозамбик, Кабо-Верде, Гвиная-Бисау, Сан-Томе және Принсипи, Шығыс Тимор және Макао, сонымен қатар, Еуропалық одақтың ресми тілі болып табылады. Осы тілде 240 млн жуық адам сөйлейді және ол әлемдік тілдер арасында 8 орынды иеленген. Тілдің осындай кең таралуын ескере отырып, аталған тілде аударма жасау біздің агенттік үшін де сирек құбылыс емес екенін айта кету керек.

Португал тілінің аудармашыларының қызметтері жеке және ұжымдық тұтынушыларға қажет болуы мүмкін. Біздің мамандар португал тілін жетік меңгерген және кез келген қиындық деңгейіндегі аудармаларды орындауға дайын. Біз ұсынатын қызметтердің кең спектрі арасында сіз өзіңізге қажетін – жеке құжаттарды португал тіліне аударудан бастап, экономикалық, заң саласындағы, техникалық және медициналық мәтіндерді, тендерлік құжаттаманы, құрылтайшылық құжаттарды аударуды таңдай аласыз. Біздің «Галилео» агенттігіне құжаттарды тапсыру арқылы сіз ұсынылатын қызметтердің сапасына сенімді бола аласыз. Біздің менеджерлер тапсырыс құнын жедел санап, сізге бағасы мен аудару мерзімін хабарлайды, осыдан кейін сіз белгіленген уақыт ішінде аударманы ала аласыз.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP