Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Өзбек тілі

Өзбек тілі –Өзбекстан Республикасының мемлекеттік тілі, сонымен қатар, Қазақстанда, Тәжікстанда, Қырғыз елінде, Түркіменстан, Ресей, Түркия және басқа елдерде таралған. Өзбек тілінің сөз қоры парсы (тәжік) және араб тілінен енген сөздерге бай. 1993 жылдан бастап латын әліппесіне негізделген жазба тілі қолданылады. Өзбек тілінде сөйлейтіндердің жалпы саны шамамен 27 млн адамға жуықтайды. Аталған сәтте біздің компаниямызда өзбек тіліне аударма негізгі аударма бағыттарының бірі болып табылады, себебі көптеген азаматтар өздерінің тарихи отандары – Қазақстанға оралу үстінде.

Осыған байланысты азаматтық алуға немесе елде тұру рұқсатын алуға құжаттар тапсыру үшін барлық жеке құжаттарды  орыс тілінде қатар берілуіне қарамастан аудару талап етіледі. Мұның барлығы аудармада мөр және мөртабандарын қоса алғанда барлық ақпараттың толық көрсетілуі үшін қажет. Жеке құжаттарды аударудан басқа Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма бюросында көркем шығармаларды, экономикалық, техникалық және медициналық мәтіндерді аудару бойынша қызметтер көрсетіледі.

Өзбек тілінде неміс тіліндегі секілді шексіз ұзақ сөйлем құрастыра беруге болады және соңында бастапқы ойы мүлдем жоғалып кетуі ықтимал. Осындай қиындықтарды ескере отырып аудармашы аударма жасау барысында аса мұқият болуы, мәтіннің мәнін дұрыс көрсетуі және оның мағынасын бұрмалауға жол бермеуі керек. Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігіне аудармаға тапсырыс беру арқылы сізге тиімді шарттармен өзбек тіліне немесе өзбек тілінен сапалы аудармаға қол жеткізе алатыныңызға сенімдіміз.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP