Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Парсы тілі

Парсы тілі – үнді-еуропалық тіл туысына, иран тобына жатқызылады. Иран, Ауғанстан (дари) және Тәжікстан мемлекеттерінде (тәжік) ресми тіл болып есептеледі. Осы тілде сөйлейтін халықтың жалпы саны 125 млн адамға жуықтайды. Батыс парсы тілі Иран, Ирак, Кувейт және Бахрейн аумағында таралған. Парсы тілінің шығыс нұсқалары дари (Ауғанстан және Пәкістан) және тәжік тілі (Тәжікстан және Өзбекстан) болып табылады. Парсы және дари жазбалары араб әліпбиіне негізделген, әл тәжік тілі жазбасы кириллицаға негізделген.

Біздің Қарағанды қаласында орналасқан аударма агенттігінде парсы тілінде аудармаға тапсырыс берген жағдайда сізге парсы тілінің нақты қай нұсқасы керек екенін растау керек, яғни құжаттарды қай мемлекетте тапсыратыныңыз алдын ала айтылуы тиіс. Бізде араб жазба тілін меңгерген батыс бағыттағы және кириллицаны негізге алатын шығыс бағыттағы парсы тілдерін меңгерген бірнеше мамандар жұмыс жасайды. Олардың кәсібилігі мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып, кез келген қиындық деңгейіндегі құжаттарды аудара аламыз. Сол себепті сізге парсы тілінен орыс тіліне немесе орыс тілінен парсы тіліне аударма қажет болса, сіз Қарағанды қаласындағы «Галилео» аударма агенттігіне жүгіне аласыз. Біз жеке тұлғалармен де, заңды тұлғалармен де жұмыс жасаймыз. Біз нотариалдық қ расталған немесе біздің аударма агенттігінің мөрімен расталған кәсіби аударма қызметтерін ұсынамыз.

← Кейін
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP