Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Экономикалық аударма

Қарағандыдағы аударма агенттігі экономикалық құжаттар аудармасын көп жылдардан бері жүзеге асырып келеді. Экономикалық тақырыптағы мәтіндерге ең алдымен бухгалтерлік құжаттар, қаржы есептілігі, экономикалық мақалалар, экономикалық бағыттағы ғылыми жұмыстар, бизнес-жоспарлар және басқалар жатады. «Галилео» компаниясы Қарағандыда экономикалық аудармаларды жүзеге асыра отырып, клиенттерге тіл кедергісін жойып, халықаралық нарықты игеруге көмектеседі. Аударма қателігі шетелдік бизнес-әріптестердің мәтін мағынасын қате түсінуіне соқтыруы мүмкін екенін естен шығармау керек.

Экономикалық аударманың ерекшеліктерін, тұрақты тіркестерді, терминологияларды, түрлі қысқартуларды, сөз орамдарын білу қажет. «Галилео» аударма бюросында осы ерекшеліктердің бәрін білетін тәжірибелі аудармашылардың үлкен штаты бар. Біз үлкен мәтін көлемдерін алып, қысқа мерзім ішінде жеделдік үшін қосымша ақы талап етпестен аударып бере аламыз. Дәл әрі уақтылы аударуды қажет ететін тендерлік құжаттамаларды біз жиі аударғандықтан, мерзімінде жасалмаған аударма тендерден шеттету қаупін тудыратынын білеміз және біздің компания мұндай аудармаға аудармашылардың үлкен штатын жұмылдырып, шұғыл орындап береді.

Біздің елімізде тендерге қатысу үшін барлық құжаттамалардың мемлекеттік тілде болуы талап етілетіндіктен, «Галилео» бюросына тендер құжаттамаларын көбінесе қазақ тіліне аударуға тапсырыстар беріледі. Біздің компанияға тендерлік құжаттамаларды қазақ тіліне ғана емес, ағылшын тіліне аударуға да тапсырыстар беріледі. Егер тендерді Қазақстандағы шетелдік компания өткізіп отырса, ондай құжаттар ағылшын тіліне аударылады. Қарағандыдағы қаржылық аударманың көптеген қырлары бар. Оған аударманың өзі, редакциялау, беттеу кіреді. «Галилео» бюросына тапсырыс бере отырып, біз жасаған аудармалар халықаралық нарыққа жол ашатынына сенімді бола аласыз. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP