Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Көркем аударма

Қарағандыда көркем аударма аударманың ең қиын түрі болып табылады. Негізінен көптеген терминдер мен анықтамалардың дәл аударылуын талап ететін техникалық, заңдық, медициналық және қаржылық тақырыптарға қарағанда, көркем аудармада аудармашының жазушылық, ақындық дарыны болуы тиіс. Аудармашы шығармашылық адамы болуы керек, стиль, ырғақ сезімі, бай қиялы болуы шарт. Яғни, көркем әдебиетті аударғанда оқырманға автордың ойы мен өз шеберлігімен салған суреттерін жеткізу үшін оның стилі мен қолтаңбасы сақталуы тиіс.

Жазушылардың өз шығармаларында сөз ойнатуы жиі және аудармашы соны аудармада дұрыс көрсете білуі керек немесе ұқсас мысалмен алмастыра білгені абзал. Сондықтан, көркем мәтіндердің аудармашылары екі тілге жетік болып, ана тіліндегі де, шет тіліндегі де сөздік қоры аса бай болуы керек. Бұл жерде жазушының стилі сақтала отырып, сапасы оқырман оқығанда кітаптың аударма екенін, оның авторы басқа тілде сөйлеп, басқа тілде жазатынын сезбей қалатындай болуы керек.

Ұйқасты сақтап, оны аудармада түпнұсқасына сәйкес көрсету қажет болғандықтан, жарнамалық ұрандар мен әндерді аудару да көркем аудармаға жатады. Көркем туындыларды аударуға шығармашылық тәсіл керек және оны көп жылдық тәжірибесі бар, жазушының шығармашылығымен таныс, өзі де жазушы, кітаптар мен мақалалардың авторы болуы мүмкін кәнігі аудармашылар  аударады.

Біздің Қарағандыдағы аударма бюросында Сіз мамандарымызға кітап, монография, мақала, оқулық, жарнама ұрандарының аудармасын сеніп тапсыра аласыз. Бізде ең үздік аудармашы мамандар мен өз ісінің майталмандары қызмет істейді және  сәйкесінше, қолжетімді бағамен сапалы да жедел қызмет көрсетеміз. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP