Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Заңды аударма

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі, сондай-ақ, заңдық құжаттамалар мен мәтіндерді кәсіби аударуға маманданған. Заңдық құжаттар құқық саласына жатады және халықаралық әріптестікке негіз болады.

Бүгінде әртүрлі қазақстандық компаниялар мен ұйымдардың шетелдік әріптестерімен бизнес-байланысы кеңейіп келе жатқандықтан және құжат айналымын шет тілінде немесе екі тілде жүргізу қажеттілігі туындап отырғандықтан, қазіргі уақытта заңдық құжаттамаларды аудару қызметіне деген сұраныс артқан.

Заңдық аудармалардың бір ерекшелігі, заңдық құжаттамалардың ресмилігіне байланысты оларды аударғанда аса ұқыпты, дәл болу керек.

Заңдық сипаттағы түрлі құжаттарды аударғанда оның мағынасын беріп қана қоймай, терминологияда, заңдар тұжырымдамасында, сөздер баламасын қолданғанда дәлдік қажет. Өйткені, жіберілген болмашы қателік тапсырыс берушіні материалдық шығынға ұрындырып, сот талқылауының басталуына негіз болуы мүмкін. Соған орай, заңдық аударма мәтіннің түпнұсқасы жасалған елдің тілдік және мәдени ерекшеліктеріне, құқықтық жүйесі мен заңнамаларының ерекшеліктеріне сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Қарағаныдағы «Галилео» аударма агенттігінің заңдық аудармаға маманданған білікті аудармашылар командасы Сізге мынадай заңдық құжаттамалардың кәсіби аудармасын ұсынады:

  • жарғылар, құрылтайшылық құжаттар
  • шарттар, келісім-шарттар
  • заңдар, нормативтік актілер мен ережелер
  • өсиетхаттар, апостильдер
  • сот шешімдері, талап арыздар, сот отырыстарының хаттамалары
  • сенімхаттар, лицензиялар
  • мемлекеттік тіркеу туралы сертификаттар, салық есебіне тұрғаны туралы куәлік және т.б.

Әдетте, заңдық құжаттардың, оның ішінде құрылтайшылық құжаттардың, сенімхаттардың аудармасы нотариалдық  куәландырылуы тиіс. Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі нотариустармен көп жылдардан бері әріптестік қарым-қатынаста және заңдық құжаттарды куәландыруда Сізде ешқандай қиындық болмайды.

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP