Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Қарағанды қаласындағы сайттар аудармасы

Көптеген компаниялар өздерінің тұтынушыларының базасын өз елінің аумағынан тыс жерлерде де кеңейтуге тырысып, сайттың бірнеше тілде болуын қарастырады, бұл сайттың көп қаралуына және шет мемлекеттерден әлеуетті тұтынушылардың табылуына мүмкіндік береді.

Қарағанды қаласындағы аударма бюросы сайттарды аудару бойынша тапсырыстарды сан мәрте орындаған. Негізінен сайттарды қазақ және ағылшын тілдеріне аударуға тапсырыс бергенімен, біз оларды дүние жүзінің 50 астам тіліне аудара аламыз. Сайт компанияның келбеті болғандықтан, сайтты аудару мұқият және жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Қарағанды қаласындағы аударма бюросының штатында аударманың түпнұсқаға сәйкестігі мен дұрыстығын және сауаттылығын тексеретін редакторлар бар болғандықтан сіз аударманы өңдеу немесе тексеруге жеке тапсырыс  бермесеңіз де болады. Бізге көп жағдайда отандық компаниялар сайттарын орыс, қазақ немесе ағылшын тілдеріне аударуға тапсырыс береді.

Дегенмен де, біз шет тілдерінен орыс немесе қазақ тіліне аудартуға және осы арқылы Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінен тұтынушылар табуға ниетті шетелдік компаниялармен де серіктестікке дайынбыз. Тұтынушылардың жиі қоятын сауалдарының бірі қызмет құнының есептелуі болып табылады. Қызмет құнын басқа бағыттардағы секілді сайттағы жалпы таңбалар бойынша  бос орнымен қоса1800 таңба есебінен жүргізіледі. Сайттағы ақпарат тұрақты түрде жаңартылып отыратын болғандықтан, кейбір тұтынушылармен аударма қызметтеріне келісім-шарт жасасамыз.

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP