Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Техникалық аударма

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі кез келген күрделіліктегі мәтіндерді негізгі еуропалық, шығыстық және азиялық тілдерге техникалық аудару бойынша қызметтерін ұсынады.

Техникалық құжаттамалар мен техникалық мәтіндер құрамында көптеген терминологиялар, жақты және жақсыз сөйлемдер, алуан түрлі етістіктер, ырықсыз етістер және т.б. болатындықтан, техникалық аударма күрделі аудармалардың бірі саналады. Мұның бәрі аударманың осы түрінің ерекшеліктеріне жатады.

Техникалық мәтіндердің ерекшелігіне қарай оның аудармасына да үлкен көңіл бөлініп, көптеген талаптар қойылады. Техникалық мәтіндер мен құжаттамаларды аударуға маманданған аудармашы, атап айтқанда:

  • кемінде бір шет тілін түпнұсқа мәтінін түсінуге жеткілікті деңгейде білуі;
  • аударма жасалатын тілді түпнұсқа мәтінін сауатты әрі дәл жеткізе алатындай деңгейде білуі;
  • түпнұсқа тілі мен аударма жасалатын тілде техникалық сала терминологияларын білуі;
  • аударма мәтініне қатысты техника саласынан білімінің болуы;
  • лингвистикалық біліміне қосымша техникалық білімінің де болуы;
  • балама сөздер пайдалану, сөздерді алмастыру мен жобалап аудару қошталмайтындықтан, аударма жасалатын тілде дәлме-дәл сөздер табуы тиіс.

Күрделі болғандықтан, техникалық аударма басқа жазбаша аудармаларға қарағанда көбірек уақытты қажет етеді. Сондықтан, тапсырыс беруші де, аудармашы да аудармаға кететін уақытты дәл есептеуі керек. Өйткені, схема, диаграмма, сызбалар мен кестелер көп болғандықтан, аудару мен безендіруге біршама уақыт кетеді, бұл жерде аударма сапасы да назардан тыс қалмауы тиіс. Айта кету керек, түпнұсқаның пішіні де маңызсыз емес.

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі техникалық мәтіндер мен құжаттамаларды сапалы әрі кәсіби аудару бойынша қызметтерін ұсынады. Атап айтқанда:

  • іске қосу мен пайдалану бойынша нұсқаулықтар;
  • кестелер, сызбалар, диаграммалар;
  • техникалық қауіпсіздік бойынша ережелер;
  • өрт қауіпсіздігі бойынша ережелер;
  • техникалық стандарттар, Құрылыс нормалары мен ережелері, Мемлекеттік стандарттар;
  • сынау хаттамалары;
  • сертификаттар мен лицензиялар және т.б. 
Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP