Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Медициналық аударма

Медициналық аударма ең күрделі аударма бағыттарының бірі болып табылады. Бұл жұмысты тек медициналық білімі бар тәжірибелі аудармашылар немесе медициналық бағыттағы құжаттарды аударуда ауқымды тәжірибесі бар аудармашылар ғана атқара алады. Медициналық мәтіндерді аудару ерекшелігі өте күрделі: мұндағы мәтіндерде жиі кездесетін арнайы терминологияларды, қысқартуларды және т.б. дәл және сайма-сай аудару қажет.  Біз алуан түрлі медициналық құжаттарды, анамнездерді, дәрігер тұжырымдамаларын, аурухана анықтамаларын аудардық. Аудармада қандай да бір қате кетсе, оны басқа елдегі дәрігерлер басқаша түсінуі мүмкін екенін біздің аудармашыларымыз жақсы біледі. Сондықтан, аударма жасалып болғаннан кейін әрбір медициналық аударманы медицина саласы бойынша аударма жасауда бай тәжірибесі бар редакторымыз мұқият тексереді. Яғни, аударма орындаудың үш сатысынан өтеді: аудару, редакциялау, соңғы нұсқаны әзірлеу. Ал клиент тек аударма үшін ғана ақы төлейді. Біз, сонымен қатар, медициналық жабдықтар мен препарат атауларын да аударамыз.

Сырқат адам барып емделетін шет мемлекетте сол елдің тіліндегі құжаттар мен анықтамалар талап етілетіндіктен, біздің компаниямыз Қарағандыда медициналық аудармамен көп жылдардан бері шұғылданып келеді. Медициналық бағыттағы аудармалар әдетте көп уақытты қажет етсе де, біздің компания мамандары мейлі медициналық құжаттама болсын, мейлі медициналық жабдықтың нұсқаулығы болсын, тез арада аударып бере алады. Әр клиентпен жеке сөйлесіп, аударманы орындау мерзімін жеделдік үшін қосымша ақы талап етпестен келісе аламыз.

Қарағандыдағы «Галилео» аударма компаниясы әр тапсырысты құпия сақтап, клиенттерге олардың сенімді, уақтылы, сапалы әрі дербес орындалуына кепілдік береді. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP