Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Анықтамалар

Қарағандыдағы «Галилео» аударма бюросына түрлі анықтамаларды аударту үшін келетін тұтынушылар көп: мемлекеттік мекемелерден алынған анықтамалардан бастап, жұмыс орнынан алынған анықтамаларға дейін. Оларды қатарында мекен-жайлық анықтамалар, жылжымайтын мүлкінің бар/жоғы туралы анықтамалар, сотталмағаны туралы анықтамалар, мектеп анықтамалары, жұмыс орнының анықтамалары, банктен үзінді көшірмелер бар. Бұл құжаттардың аудармасы шетелдің азаматтығын алу үшін, саяхаттау үшін, басқа елге қоныс аудару үшін, басқа елде жұмысқа тұру немесе оқуға бару үшін қажет болуы мүмкін. Анықтаманы аударғанда клиенттің мәліметтерін дұрыс, қатесіз берумен, құжатты рәсімдеумен байланысты түрлі егжей-тегжейлерді ескеру қажет. Болмаса, дұрыс аударылмаған жағдайда, аударылған құжаттар тапсырылатын инстанция оларды қабылдамауы мүмкін. Біздің аудармашыларымыз мұндай құжаттарды аударудың барлық қыр-сырымен таныс. Сондықтан, қандай да бір қателік жіберіп алмау үшін аудармалар мейлінше мұқият жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда, анықтама аудармасына нотариалдық қ куәландыру жасатуға болады.

Анықтаманы нотариалдық қ куәландыру – құжаттарды тапсырғанда көбінесе міндетті талап саналады. Аударма дайын болғаннан кейін оған біздің нотариустарымыз мейлінше қысқа мерзім ішінде нотариалдық қ куәландыру жасап береді. Біз анықтамаларды тек ағылшын тіліне ғана емес, неміс, испан, чех, француз, қытай, итальян және т.б. тілдеріне аударамыз. Біздің агенттік анықтамаларды тиімді бағамен аударады, жеделдік үшін ақша алмайды: өйткені, құжатты елшілікке тапсыру мерзімі шектеулі болатындықтан, құжаттардың мұндай түрлерін жедел аудару қажеттігін біз жақсы түсінеміз. Сонымен қатар, «Галилео» аударма агенттігі түрлі анықтамаларды аударуға беретін көптеген туристік агенттіктермен, шетелдерде жұмысқа орналастыру мен оқыту жөніндегі агенттіктермен әріптестік байланыста. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP