Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Еңбек кітапшасы

Қарағандыдағы «Галилео» аударма агенттігі еңбек кітапшасын негізгі еуропалық тілдерге және шығыс тілдеріне аударады. Еңбек кітапшасы қызметкерді жұмысқа орналастыру туралы, оның жеке бас мәліметтері, сондай-ақ, жұмыс берушімен қарым-қатынасы туралы мәліметтері енгізіліп, кадрлар бөлімі маманының қолымен және жұмыс берушінің мөрімен расталатын жеке құжат санатына жатады.

Айрықша үлгісіне байланысты еңбек кітапшасын аударудың өз ерекшеліктері бар. Әдетте, еңбек кітапшалары қолмен толтырылады, сондықтан аудармашыға машиналық мәтінмен емес, қолжазбамен жұмыс істеу қажет. Көбінесе еңбек кітапшасындағы реттік номері, күні, жазбалар, мөрлер және т.б. бастап, барлық жазбалар аударылады. Еңбек кітапшасын аудару кезінде кездесетін барлық қысқартулар мен аббревиатураларды толық түрінде берген дұрыс, өйткені, аударманы шетелдік мекемелерге ұсынғанда мағынасын толық ашпайынша, бәрі бірдей анық та түсінікті болмайды. Сондай-ақ, еңбек кітапшасын аудару барысында түсініксіз жазбаларды айқындау немесе қандай да бір қысқартулардың мағынасын ашу үшін тапсырыс берушімен байланыста болу қажет.

Еңбек кітапшасын кез келген еуропалық немесе шығыстық тілге аударудың бағасын таңба немесе бет санымен есептеу мүмкін болмағандықтан, аударма бағасы жазбалар мен мәтін санына қарай және әр жағдайда жеке белгіленеді.

Кез келген шетелдік мекемеге аттестат аудармасын өткізгенде негізгі талап аударманың нотариалдық қ куәландырылуы немесе аударманың агенттік мөрімен куәландырылуы болып табылады. Біз бірнеше нотариуспен ыңғайлы әріптестік байланыс орнаттық, сондықтан еңбек кітапшасын куәландыруда ешқандай проблемалар мен қиындықтар болмайды. Әдетте, еңбек кітапшасын куәландырғанда құжаттың түпнұсқасы қажет және көшірмесіне тігіледі.

Егер еңбек кітапшасының біздің Қарағандыдағы агенттігімізде жасалған аудармасын агенттік мөрімен куәландыру қажет болса, бұл қызмет аударма бағасына кіретіндіктен, тегін көрсетіледі. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP