Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Неке туралы куәлік

Егер сізге Қарағандыда неке туралы куәлікті аудару қажет болса, керек жерді дәл таптыңыз! Біз Сізге аударма мәселесінде бүкіл командамызбен көмектесуге әрқашанда әзірміз. Неке туралы куәліктің (некені тіркеу немесе бұзу туралы) аудармасы басқа елдің азаматтығын, ықтияр хат, виза алуға, баланы алып шығуға сенімхат рәсімдегенде, неке келісім-шартына отыруға,  мұрагерлік мәселелерін шешуге және басқа да көптеген жағдайларға қажет болуы мүмкін.  Осы айтылғандардың бәрін ескере отырып, Сіз бұл құжаттың заңдық мәселелерде қаншалықты маңызды екенін және оның аудармасы мәтін түпнұсқасымен толықтай сәйкес болуы қажеттігін түйсінесіз. Сондықтан, біздің аударма агенттігінде сіздің құжаттарыңызды аударумен өз ісінің шеберлері шұғылданады. Сіз оларға кез келген құжатты тапсырғанда жұмыстардың сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалатынына сенімді бола аласыз.

Неке туралы куәлік, төлқұжат, туу туралы куәлік және басқа да сол тәрізді жеке бас құжаттарын аударғанда аударылған мәліметтер сіздің басқа құжаттарыңызбен сәйкес келуі тиіс. Мысалы, Сіздің тегіңіз, атыңыз, әкеңіздің аты аудармада төлқұжатыңызда көрсетілгеннен басқа болса, қабылдаушы орган аударманы автоматты түрде қабылдамастан қайтарып береді. Сонымен қатар, құжат аудармасында құжат түпнұсқасының заңдық күшін растайтын мөрлер мен мөртабандардың да аудармасы болуы тиіс.

Біздің командамызда көп жылдық тәжірибесі бар білікті қызметкерлер жұмыс істейді, сондықтан біз мұндай кілтипандармен таныспыз және сіз құжаттарды қайтарып беру, қымбат уақытыңызды жоғалту тәрізді проблемаларға кезікпейсіз. Біз неке туралы куәлік аудармасының сапасы мен жылдамдығына кепілдік береміз, сондай-ақ, қажет болған жағдайда, неке туралы куәліктің нотариалдық қ куәландырылған аудармасын да береміз.

Баға аударма тіліне қарай өзгеруі мүмкін, алайда біздің бағаны негізсіз көтермеуіміз себепті, қызметіміздің басқа аударма агенттіктеріне қарағанда әлдеқайда арзан болуы Сізді таң қалдырмай қоймайды.

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP