Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Келісім-шарттарды аудару

«Галилео» аударма бюросы Қарағандыда келісім-шарттар аудармасын жасайды. Бүгінгідей жаһандану заманында шетелдік компаниялармен көптеген келісім-шарттар жасалатындықтан, аударманың бұл саласы мейлінше өзекті болып табылады. Сондықтан, еліміздегі көптеген компанияларға шетелдік компаниялармен сәтті келісім-шарт жасасу үшін аударма агенттігінің қызметі қажет. Ол үшін тек заңдық құжаттарды аудару саласында мол тәжірибесі бар білікті аудармашыларды тарту қажет. Біздің компанияда Қарағандыда келісім-шарттарды сауатты әрі дәл аударуға қабілетті тәжірибелі аудармашылардың ауқымды штаты бар.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауатты да қатесіз аударма – шетелдік компаниялармен жемісті әріптестіктің кепілі. Шарт, келісім-шарт, мәміле және тағы басқа құжаттар мазмұнының түпнұсқа тілінде де, аударылатын тілінде де өзіне тән ерекшеліктері болады. Бізде келісім-шарт құжаттамасын аудару түпнұсқа тіліне икемделеді. Яғни, мазмұны бұрмаланбауы үшін, аударма кезінде тілдердің ерекшеліктері ескеріліп, сөзбе-сөз аударылмайды.  Заңдық құжаттарға сатып алу-сату шарты, жалгерлік шарты, жеткізілім шарты, еңбек шарты және т.б. жатады.

Іс қағаздары көбінесе мемлекеттік тілде жүргізілетіндіктен, бізге шарттарды, келісім-шарттарды орыс тілінен қазақ тіліне аудару тапсырыстары өте жиі түседі. Келісім-шарттарды қазақ тіліне аударумен қатар жиі кездесетін аудармалардың бірі келісім-шарттарды ағылшын тіліне аудару болып табылады. Сонымен қатар, аударманың дұрыстығын растау үшін біздің агенттікте келісім-шарттарды нотариалдық қ аударуды рәсімдеу мүмкіндігі бар. Корпоративтік клиенттер үшін біздің компания мен нотариус нотариалдық қ аударма қызметіне құжаттарды бухгалтерлік қамтамасыз ету жағын қарастырған. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP