Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Төлқұжат

Құжаттардың нотариалдық  расталған аудармасы оларға шет мемлекеттерде заң күшін беру үшін жасалады. Аталған үдерісті құжаттарды нотариалдық  расталған аудару деп те айтуға болады. Осылайша сіздерге бірнеше қызмет ұсынылады: 1) құжат мәтінін аудару; 2) аударманы нотариалдық  растау.

Көп жағдайда төлқұжатты немесе жеке куәлікті шет мемлекетке саяхаттау үшін, білім алу немесе іскерлік сапарларға бару үшін нотариалдық  растау талап етіледі. Шет мемлекеттерде өмір сүру үшін құжаттың сол мемлекеттің тіліне аударылуы және құжаттардың заңды күші болуы үшін нотариалдық  расталуы қажет.

Құжаттарды аудару өзге елде тұру рұқсатын алу, азаматтығын ауыстыру, шетелдік жоғары оқу орнына түсу, жұмыс туралы келісім-шарт жасасу және басқа мемлекеттің азаматымен некеге отыру және т.б. жағдайларда қажет болуы ықтимал.

Төлқұжатты немесе жеке куәлікті міндетті нотариалдық  растау біздің еліміздің аумағына келетін шетелдік азаматтар үшін қажет болады. Осындай аударма виза ресімдеу, тұру рұқсатын, азаматтық алу, жұмысқа тұру рұқсатын алу немесе оқу орнына түсу үшін ресми органдарға құжат тапсырғанда қажет болады.

Төлқұжатын аудару қажет болған азаматтарға  тегінің, аты-жөнінің және туған жерінің дұрыс аударылуына баса назар аудару керек. Аталған ақпараттың аудармасы басқа барлық аударылған құжаттарға сәйкес болуы тиісті.

Біздің «Галилео» аударма агенттігі Қарағанды қаласындағы жедел нотариалдық  расталған аударма сапасына кепілдік береді. Аударма тіліне тәуелді құжатты аударуға 15 минуттан бастап 1 жұмыс күніне дейін уақыт қажет болады. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP