Қарағанды қаласындағы аударма агенттігі

Құрылтайшылық құжаттар

Құжаттамаларды әртүрлі еуропалық және азиялық тілдерден немесе сол тілдерге аударуда құрылтайшылық және жарғылық құжаттарды аудару негізгі орындардың бірін алады. Құрылтайшылық құжаттарға заңды тұлғалар қызметінің негізі мен көрінісі болып табылатын жарғы, құрылтайшылық келісім-шарт, бас директордың тағайындалуы туралы бұйрық, директорлар кеңесінің тағайындау туралы шешімі және т.б. жатады. Көптеген қазақстандық компаниялар іскер әріптестермен бүкіл әлем бойынша іскерлік қатынастар орнату, компанияны шетелдерде тіркеу үрдісінде болғандықтан және солардың барысы осындай құжаттамалардың кәсіби түрде жазбаша аударылуын қажет ететіндіктен, құрылтайшылық және жарғылық құжаттамалар аудармасы Қарағандыда, жалпы Қазақстан Республикасында барған сайын өзекті болып келеді.

Құрылтайшылық және жарғылық құжаттамалар аудармасын заңдық аудармалардың бір түріне жатқызуға болады, сондықтан оларды аударуға заң саласы бойынша маманданған және мұндай құжаттамаларды аударудың барлық ерекшеліктерін білетін аудармашы тартылуы тиіс.

Мұндай құжатты аудару ерекшеліктеріне тиісті терминологияның таңдалуын, оның нақты құжатты аударғанда біртектес қолданылуын жатқызуға болады. Сонымен қатар, заңды тұлға атауының, қысқартулардың, мекен-жайлары мен реквизиттерінің дұрыс аударылуына назар аудару қажет. Бұлар бір қарағанда ұсақ-түйек көрінгенімен, заңды тұлғаның атауындағы, мекен-жайындағы немесе реквизиттеріндегі кез келген қателік, жаңсақ немесе қате аударма салдарынан тіркеуші және басқа да органдар құжаттамаларды қабылдау мен тіркеуден, нотариалдық қ кеңселер мен жеке нотариустар оларды куәландырудан бас тартуы мүмкін. Құрылтайшылық және жарғылық құжаттамаларды аудару ерекшелігіне олардағы барлық мөрлердің аударылуын да жатқызуға болады. Бұлар ресми құжаттар болғандықтан, оларды аудару барысында бастапқы құжаттардың, яғни түпнұсқалардың мәтіні толығымен аударылуы керек.

Ресми құжаттардың кез келген аудармасы куәландырылуы немесе расталуы тиіс. Біздің Қарағандыдағы агенттігіміз құрылтайшылық және жарғылық құжаттардың аудармасын өз мөрімен растау қызметін көрсетеді. Айта кету керек, бұл қызмет аударма ақысына кіретіндіктен, ол үшін бөлек төлем жасау қажет емес. Егер сізге нотариалдық қ куәландыру қажет болса, біздің ыңғайлы да жедел қызмет атқаратын нотариустарымызға жүгінуіңізге болады. Заңды тұлғаға берілген құжаттамалар аудармасын куәландыру бағасы мен жеке тұлғаға берілген құжаттар аудармасын куәландыру бағасында айырмашылық бар, сондықтан,  бұл қызметтердің бағасын біздің менеджерлерге тапсырыс беру кезінде алдын ала білуге болады. 

Сізге қоңырау соғу Бағасын білу
Позвонить
сейчас
Написать
WHATSAPP